Мамыр айында Қазақстанда «Тойота Цусе Корпорейшннің» көрмесі өтеді

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанда «Тойота Цусе Корпорейшн» АҚ-ның көрмесі өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада аталған компанияның Жаһандық стратегиялық ықпалдастық басқармасының бас басқарушы директоры Кенжи Таканаши мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ (ХШЫО) мен «Тойота Цусе Корпорейшн» компаниясы арасында «Қорғастың» қазақстандық бөлігін игеруге инвестиция салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған көрме екі компанияның жұмысымен хабардар болу мақсатында өткізілетінін жеткізген ол, «нәтижесінде біз ынтымақтыстығымызда басым бағыттарды бұдан әрі айқындауға жол ашпақпыз. Сондай-ақ біз Қазақстандағы жоспарлап отырған жұмыстарымызды көрсетпекпіз», - деді. Көрмеде жүк көліктері мен жеңіл автомобильдер, сондай-ақ техниканың басқа да түрлері таныстырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар