Мамыр айында отандық өнім құны сырттан келетін тауарлардан 3,5 есе қымбат болды

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 21-і мен 27-сі аралығында Қазақстанда отандық тауарлардың бағасы импорттық тауарлар құнынан 3,5 есе артық болды,
None
None

деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалы, кедендік алымдар мен тасымалдау құнын қосқанда 1 килә картоптың құны 22 теңге болған. Ал жеке сатылымда отандық картоп бағасы бұл кезде 78 теңгені құрады.

Ал отандық пияз бен май бағасы шет елдік өнімге қарағанда 3, 1 есеге қымбат болып шықты. Мысалы, пияз кеденнен өткенде 27 теңге болса, отандық өнім жеке сатылымда 85 теңге, сырттан келетін лимон 131 теңге, отандық өнім 404 теңге болған. Сырттан кіргізілген сары майдың бағасы 545 теңге болса, отандық өнімнің құны 1 074 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар