08:34, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Мамыр айының соңында суға кеткен екі адамның денелері табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданы Шерубай-Нұра су қоймасында балық аулап жүрген 1967 жылы туған азамат Ю.Чернов суға батып кеткен.
Оқиға 25 мамыр күні күндізгі сағат 2-лер шамасында орын алған. Балықшының денесін Қарағанды облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері 3 маусым күні таңертең тауып, судан шығарып алған.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жүзімдік ауылында 31 мамыр күні 5 жасар А.Жолбарыс Солтүстік Ташкент каналына абайсызда құлап кеткен. Кешке кешкі сағат 6 жарымдар шамасында ОҚО ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері баланың мүрдесін тауып, судан шығарып алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.