«Манчестер Сити» футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

манчестер сити
Фото: Pixabay

Англияның «Манчестер Сити» клубы футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу барысында англиялық команда бірден шабуылға көшті. Алғашқы шабуылдың өзінде олар қарсылас ұжым қақпасынан саңылау тауып кетті. Бұл голды небәрі 1-минутта Хулиан Альварес өзінің еншісіне жазды.

Ал 27-минутта бразилиялық командадан Нино автогол авторы атанды.

Одан кейін англиялық клубтан Фил Фоден 72-минутта мергендік танытса, Хулиан Альварес 88-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Манчестер Сити» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш рет клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Айта кетсек, 3-орын үшін сайыста Египеттің «Аль-Ахли» командасы Жапонияның «Урава Ред Даймондс» клубын 4:2 есебімен тізе бүктіріп, қола жүлдеге қол созды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Содан бері 11 команда жеңімпаз тұғырына көтерілді. Олардың қатарында «Реал Мадрид» (Испания) - 5, «Барселона» (Испания) - 3, «Коринтианс» (Бразилия), «Бавария» (Германия) - 2, «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Англия), «Интернасьонал» (Бразилия), «Сан-Паулу» (Бразилия), «Милан» (Италия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Интернационале» (Италия) -1
мәртеден чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар