«Манчестер Сити» клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

манчестер сити
Фото: Pixabay

Англияның «Манчестер Сити» клубы футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты финалына берілген екінші жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Kazinform.

Англиялық клуб бүгін жартылай финалда Жапонияның «Урава Ред Даймондс» клубымен кездесті.

Кездесу барысында «Манчестер Сити» негізгі құрамдағы бірқатар футболшыларын қатарға қосқан жоқ.

Олардың қатарында белгілі жұлдыз Эрлинг Холанд та бар.

Ойынның бірінші кезеңінде жапониялық команда азулы қарсыласына біршама тойтарыс бере білді.

Дегенмен олардың қатарынан Мариус Хейбротен 45-минутта өзінің қақпасына гол соғып алды.

Екінші кезеңде англиялық клуб басымдықты арттыра түсті. Нәтижесінде Матео Ковачич 52, Бернанду Силва 59-минутта екі гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Манчестер Сити» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Енді олар 22 ақпанда финалда Бразилияның «Флуминенсе» клубымен шеберлік байқасады.

Сол күні 3-орын үшін сайыста «Урава Ред Даймондс» Египеттің «Аль-Ахли» командасымен қола жүлдені сарапқа салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын клубтар арасындағы әлем чемпионаты финалына Бразилияның «Флуминенсе» командасы шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар