«Манчестер Юнайтед» бапкері жұмыстан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Рубен Аморим 14 айда «Манчестер Юнайтед» клубымен тұрақты жетістікке жете алмады. Португалиялық азамат ағылшын клубының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Euronews.

«Манчестер Юнайтед» өз бапкерін жұмыстан шығарды
Фото: GETTY IMAGES

Шешім дүйсенбіде «Манчестер Юнайтед» сайтында ресми түрде жарияланды. Директорлар кеңесі мәлімдемеде «бұл шешімді өкінішпен қабылдады» делінген. Сондай-ақ дәл қазіргі сәтті өзгеріс үшін ең қолайлы деп санады.

Бапкерді жұмыстан босатудың негізгі себебі клуб басшылығының, жанкүйерлердің, жаттықтырушының да үмітін ақтамаған көрсеткіш болды. Қазіргі уақытта команда премьер-лиганың турнир кестесінде алтыншы орында тұр.

«Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы және қазіргі жастар құрамасының жаттықтырушысы Даррен Флетчер сәрсенбі күнгі «Бёрнлиге» қарсы ойында команданы уақытша басқарады.

Клуб баспасөз хабарламасында Аморимге жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі. Оның былтыр қараша айында тағайындалғаннан бері қосқан үлесі, оның ішінде «Манчестер Юнайтедтің» мамыр айында Бильбаодағы УЕФА Еуропа лигасының финалына шығуы ерекше атап өтілді.

Экс-бапкердің жұмыстан кетуіне чемпионатта 16-орында тұрған «Лидспен» тең ойын нәтижесі әсер етті. Ол ойыннан кейін көпшілік алдында басшылықтың оның жұмысына араласуына көңілі толмайтынын айтып, клубқа бастапқыда жай бапкер емес, менеджер ретінде келгенін еске алды.

Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, Аморим ресми мәлімдеме алдында спорт директоры Джейсон Уилкокс және атқарушы директор Омар Беррадамен кездескен. Бапкер мен басшылық арасындағы қарым-қатынас трансферлік саясат пен өкілеттіктерді бөлуге қатысты келіспеушіліктердің салдарынан шиеленісе түсті. 

Жалпы, Аморимнің басшылығымен «Манчестер Юнайтед» 63 кездесу өткізіп, 25-інде жеңіске жетсе, 23-інде жеңілген.

Еске салайық, Андрей Демченко «Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметінен кетті.

Соңғы жаңалықтар