Манчестерде ер адам тұрғындарға пышақпен шабуылдады

АСТАНА.KAZINFORM - Бейсенбі күні таңертең Манчестердегі Хитон-Парк синагогасының жанында көлік бір топ адамды соқты. Артынша жүргізуші пышақпен секіріп шығып, қасындағылардың бірін жаралады, деп хабарлайды Bild.

Мужчина врезался в толпу и напал с ножом на людей у синагоги в Манчестере
Фото: Bild

Шабуыл таңғы сағат 9:30 шамасында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам синагогаға кірмек болған, бірақ оны кіргізбеген.

Қарулы полиция қызметкерлері көп ұзамай оқ жаудырып, күдіктіні жаралады. Ол аман қалды, бірақ оның жағдайы туралы басқа ақпарат жоқ.

Кем дегенде бес адам зардап шекті, төртеуін көлік қағып, тағы біреуі пышақталды.

The Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, полиция бұл шабуылды теракт деп бағалап отыр.

Синагоганың айналасы қоршауға алынған, оқиға орнында тергеушілер мен қауіпсіздік қызметі жұмыс істеп жатыр.

Sky News британ премьер-министрі Кир Стармер Манчестердегі ықтимал терактіге байланысты Данияда өтетін саммитке қатысудан бас тартып, елге оралатынын хабарлады.

Осыған дейін Гамбургте пышақпен қаруланған әйел 12 адамды жарақаттағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар