Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалына еліміздің атынан кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда бүгін жалауын көтеретін мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында бақ сынайтын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалына еліміздің атынан кімдер қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК

Халықаралық турнир жарыс аясында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады.

Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, Қазақстан намысын ерлерде Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников қорғайды. 

Ал әйелдер құрамасынан София Фарафонова, Амира Ирматова, Вероника Коваленко, Нұрия Сүлеймен, Амина Алексеева, Карина Исакова, Русалина Шакирова сынға түседі.

Сондай-ақ мұздағы биден Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова жұбына үміт артамыз. 

Еске салсақ, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Михаил Шайдоров үздік үштікке кірді. 

Соңғы жаңалықтар