Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде жеке рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан «Cranberry Cup International 2025» челленджер сериясында қазақстандық Софья Самоделкина еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Софья жаңа маусымға деген тыңғылықты дайындығын көрсетті. Ол қысқа және еркін жаттығуда да рекордын одан әрі жақсартты.
Қорытынды нәтиже:
1. Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) — 207,61 ұпай (70,69+136,92)
2. Софья Самоделкина — 203,15 ұпай (65,80+137,35)
3. Жиа Шин — 179,97 ұпай (62,12+117,85)
Халықаралық бәсеке 7-10 тамыз аралығында өтті. Оған 20 елден 99 спортшы қатысты. Аталған сайыс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Софьяның медалі Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлде ретінде тіркелді.
Софья Самоделкина 2007 жылы дүниеге келген. 2024 жылдың бері Қазақстан азаматтығын қабылдап, ел намысын қорғап келеді. 2025 жылы Қысқы универсиадада қола жүлдегер атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада екінші орын алды.