Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Бостондағы турнирде өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Бостон (АҚШ) қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті
Фото: ҰОК

Турнир аясында әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан қысқа бағдарлама жарыстары өтті.

Бұл бағдарламада ел намысын Софья Самоделкина қорғады.

Спортшы өз өнері үшін 63,58 ұпай жинап, аралық есепте 13-орынға жайғасты.

Көш басында – АҚШ өкілі Алиса Лью (74,58 ұпай).

Еркін бағдарлама 29 наурызға қараған түні өтеді.

27 наурызда, жарысқа ерлер қатысады. Қазақстан атынан Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. Қысқа бағдарлама жарыстары Астана уақытымен 20:05-те басталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық көркем гимнасшылар байрақты бәсекеде топ жарғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар