Мәнерлеп сырғанау: Әлем чемпионатында екі спортшымыз ел намысын қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайвань елінің Тайбэй қаласында 15-19 наурыз аралығында жастар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл әлемдік додада Қазақстан намысын екі спортшы (бір қыз, бір жігіт) қорғайды. Қыздар арасында Универсиада ойындарының қатысушысы Айза Мамбекова сынға түссе, ерлер арасында Артур Панюхин өнер көрсетеді.

Жалпы қыздардан 44 және ұлдардан 45 мәнерлеп сырғанаушы әлем біріншілігіне қатысуға өтініш берген.

Соңғы жаңалықтар