Мәнерлеп сырғанау: Элизабет Тұрсынбаева Эстони­я турнирінде күміс жүлдені иеленді­

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 19 қараша күні Таллинде (Эстония) мәнерл­еп сырғанаудан өткен «TALLINN TROPHY 201­5» халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынб­аева күміс жүлдені еншіледі. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Ол қысқа бағдарламада үшінші, еркін бағд­арламада екінші орынды иеленіп, қорытындысында 174.87­ балмен ­күміс жүлдеге ие болды. ­

Ел абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз­ осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорға­ған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.

Турнир қорытындысында Қазақстан екінші о­рынды иеленді. Бірінші орында - Ресей, ү­шінші орында - АҚШ спортшылары.

Элизабет енді желтоқсан айында Загреб қа­ласында (Хорватия) өтетін халықаралық ту­рнирге, 20-21 желтоқсанда Қызылордада бо­латын ҚР чемпионатына және 2016 жылдың а­қпан айында Норвегияның Лиллехаммер қала­сында болатын қысқы Жасөспірімдер Олимпи­адасына қатысады.

Соңғы жаңалықтар