«Мәңгілік алау» жанындағы мектеп оқушыларының құрметті күзеті жанданатын болды

ПАВЛОДАР.   Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -    Павлодарлықтар   «Версия» қалалық   басылымының Жеңіс саябағындағы   «Мәңгілік алау»  жанындағы    мектеп оқушыларының  құрметті күзетін мереке күндері      жандандыру  туралы  бастамасын  қолдап  отыр, 
None
None

деп   хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

№1 бекеттегі   күзетпен   байланысты   рәсім  Павлодарда   осыдан 30 жылдай  уақыт бұрын,     Даңқ  мемориалы ашылған жылы    пайда  болған  еді.    Жастарды  отансүйгіштікке баулитын,   Ұлы Отан  соғысы  жылдары   Отан  үшін  қаза болған жауынгерлерді  құрметтеуге  тәрбиелейтін    осынау игі  дәстүр   соңғы жылдары  ұмытыла бастаған еді.

 Қала тұрғындары,  «Мәңгілік алау»  жанындағы  құрметті   күзетті    қайта    жандандыру керек деп санайды.   2010  жылы Ұлы  Жеңістің 65  жылдығы  атап өтіледі,  сондықтан да  жастар     халқының  тарихын ұмытпаулары,   ата-бабаларының  ерліктерін   есте сақтаулары керек.

Соңғы жаңалықтар