«Мәңгілік Ел» пойызы Өскеменге келді (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін «Защита» стансасында өскемендіктер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мере йтойлық шаралар ауқымында қалыптастырылған «Мәңгілік Ел» пойызын қонақжайлықпен қарсы алды.
None
None

Өскеменге пойыз елдің шығыс аймақтарының бірнеше елді мекендері - Ақтоғай кентінде, Шар және Зайсан қалаларында және басқа да ауылдарда аялдағаннан кейін келді.

«Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісовтің айтуынша, пойыз қатысушылары үшін ұлы Абай, Шәкәрім және Мұхтар дүниеге келген жерге аяқ басу үлкен қуаныш. «Біз мұнда өз отанын сүйетін жандармен кездесіп жатырмыз. Олардың көздерінен ертеңгі күнге сенімдерін, елдің гүлдене түсуі үшін жұмыс істеуге құлшыныс барын көріп отырмыз. 2016 жыл - айрықша жыл, біз оны әлеуметтік проблемаларды шешумен бастап отырмыз», - деп атап өтті Әміржан Әлпейісов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жолаушылар пойызының құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар, дәрігерлер бар, олардың әрқайсысының халыққа әлеуметтік көмек көрсету, бес институционалдық реформаны түсіндіру, консультативтік көмек беру жөнінде өз жұмыстары бар.

«Мәңгілік Ел» республикалық экипажы қатысушылары тобының бірі қалаға келген бойда ШҚМУ-ға барып, дөңгелек үстел жанында жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен кездесті, жастардың әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс жобаларын жүзеге асыруымен танысты, «Зияткер» ғылыми-зерттеу орталығында болды. Осы сағаттарда ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері білім беру мәселелері бойынша кеңес беруде.

ҚХА мүшелері ұлысаралық келісім жөнінде консультациялар өткізуде. Олардың қатысуымен Д.Серікбаев атындағы техникалық университет базасында «Тәуелсіздік тарихы - Ұлт рухының индикаторы» дәріс тақырыбында басталды, одан кейінірек «Сыйластық» іскерлік ойыны өтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Бәйтерек» холдингі және Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құрылған топ бизнес және ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысуда. Ол аяқталғаннан кейін консультативтік дөңгелек үстел қатысушылары «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша субсидия алған «Tiffani» салонында, «KazITCom», Монтесори «Айналайын» кәсіпорындарында болмақ.

Денсаулық сақтау өкілдерінен құралған тағы бір топ консультациялық қабылдау өткізуде, олардың ішінде 33 тар шеңбердегі мамандық иелері бар. Республикалық деңгейдегі дәрігерлерден Зырян ауданында ғана 334 адам, Шар ауданында - 490 адам кеңес алды.

«Мәңгілік ел» пойызы мүшелерінің Өскемендегі жұмыс бағдарламасы өте қарбалас, кешке қарай олар қаланың көрнекті орындарына экскурсия жасайды.

Ертең, 22 ақпанда «Мәңгілік Ел» пойызы Семей қаласына тоқтайды.
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар