«Мәңгілік ел» пойызы Шығыс Қазақстан облысына келді (ФОТО)

Пойыздың құрамында тұрғындарға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестік көмек беріп, «Мәңгілік Ел» идеясын, бес институционалдық реформаны іске асыру мәселелерін түсіндіретін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар бар.
«Мәңгілік ел» пойызы шығысқазақстандықтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерейтойлық шаралар аясында келіп жетті. Ақтоғайлықтар қонақтарды мерекелік концертпен қарсы алды. Тұрғындармен кездесулер, азаматтарды қабылдау, Әділет, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының кеңестері өткізілді.
Пойыздың құрамында невролог, нефролог, уролог, гематолог, ортопед-травматолог, ревматолог, пульмонолог, педиатр, гастроэнтеролог, ангиохирург, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, онколог және хирург дәрігерлері келді. Дәрігерлер қабылдау жүргізіп, кеңес берді. ШҚО бойынша 5 аялдама жоспарланған. Пойыздың қатысушыларымен шаралар сондай-ақ Зырян, Өскемен, Семей қалаларында өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінен.