Заңсыз жүк тасыған пойыз бастығы мен жолсеріктің үстінен қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан темір жол компаниясының ревизорлары жолаушылар пойызында жалпы салмағы 108 келі болатын ресімделмеген жүкті анықтады. Бұл туралы аталған ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

- Пойыз бригадасын бақылау жөніндегі бас менеджерлер Тараз-Шымкент учаскесінде «Маңғыстау – Алматы» бағытындағы №77 жолаушылар пойызына тексеру жүргізді. Тексеру жолаушылар пойызы бастығының қатысуымен өтті, оның барысында №8/15892 вагонында Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін жалпы салмағы 108 келі ресімделмеген жүкті тасымалдағаны анықталды, - делінген хабарламада.
Жүкті заңсыз тасуға жол берген жолсерікпен еңбек шарты бұзылды.
- Жолсерік пен пойыз бастығы тексеру барысында дөрекі сөйледі және тексеруді жүзеге асырған қызметкерге күш қолданған. Қазір денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр, - дейді компаниядан.
Осы орайда Қазақстан темір жолы жүкті теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес ресімдеу керектігін ескертеді.
Таяуда Көлік министрі Марат Қарабаев келешекте теміржол саласында 27 мың жұмыс орны пайда болатынын айтқан еді.
ҚТЖ басшысы кешіккен пойыз жолаушыларынан кешірім сұрады.