Маңғыстау облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы тағайындалды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы тағайындалды.

Тағайындау
Фото: ҚР Жоғарғы соты

Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев облыстық соттардың судьялары мен ұжымдарына СӘ Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Ерсайыновты таныстырды. 

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Ербол Рахымбеков қатысты. ◾️ Ж.Шәкиев Е.Ерсайыновтың мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде сот әкімшілігі саласындағы көп жылдық еңбек тәжірибесін атап өтті.

Спикер жаңадан тағайындалған басшыға жұмысына сәттілік тілеп, Маңғыстау облысы соттарының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру бойынша бірқатар міндеттерге тоқталды.

Е.Ерсаинов 1979 жылы Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. 2002 жылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы органдарда әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды; 2016-2018 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде сектор меңгерушісі; Осы уақытқа дейін коммерциялық салада жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар