Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде үш тағайындау болды

АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, Ақтау қаласы ТЖБ бастығы орынбасары және Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Маңғыстау ТЖД тағайындау
Фото: Kazinform

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 667 ж/қ бұйрығымен 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қорғау подполковнигі Мирбек Караев Аманқосұлы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мирбек Қараев
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Өзінің еңбек жолын 2002 жылдың желтоқсанынан бастап 2004 жылғы қарашаға дейін ҚР Қарулы күштер қатарында қызмет етуден бастады. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2005 жылғы желтоқсанында Маңғыстау облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ филиалы Ақтау қаласы № 8 Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі қызметінен бастаған. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі (Ақтау қаласы)» РММ бастығы қызметін атқарған.

Маңғыстау облысы ТЖД бастығының 13 желтоқсан 2024 жылғы № 157 бұйрығымен Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары болып азаматтық қорғау майоры Бекен Балтабайұлы Демешов тағайындалды.

Демешов Бекен
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Демешов Бекен Балтабайұлы 1992 жылы 21 қарашада Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Өзінің еңбек жолын 2014 жылы «Маңғыстау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Ақтау қаласы)» РММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері лауазымынан бастаған. 2017-2024 жылдар аралығында Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы лауазымында қызмет атқарды. 2024 жылы маусым айынан бастап «Маңғыстау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Ақтау қаласы)» РММ бастығының орынбасары лауазымында жұмыс жасаған.

​Маңғыстау облысы Төтенше Жағдайлар Департаменті бастығының 13 желтоқсан 2024 жылғы № 157 бұйрығымен Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы болып азаматтық қорғау майоры Берік Хаджи-Рахимұлы Бүркітов тағайындалды.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Берік Хаджи-Рахимұлы Бүркітов 1988 жылы 18 қарашада Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.

2016 жылы Көкшетау техникалық институтын бітірген. Өзінің еңбек жолын 2009-2012 жылы «Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақтау қаласы № 9 Техникалық қызмет өрт сөндіру бөлімінің старшинасы лауазымында, 2012-2021 жылдар аралығында Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау бағыты бойынша әртүрлі басшы лауазымдарда жұмыс жасаған, 2021-2023 жылдар аралығында Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекші лауазымында және 2023 жылы сәуірінен бастап «Маңғыстау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Ақтау қаласы)» РММ бастығының орынбасары болды.

Бұған дейін Асқар Жүсіпов Атырау облыстық экология департаментін басқаратынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар