Маңғыстау облысында сарбаз қайтыс болды

АҚТАУ. KAZINFORM – 7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.

 Вооруженные силы РК ҚР Қарулы күштері
Фото: Kazinform

Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі – техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.

– Осыған қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болғанын жазған едік.

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі менингококцемия екені айтылды.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

Соңғы жаңалықтар