Маңғыстау облысында кен орнындағы ұңғымада төтенше жағдай болды

АҚТАУ. KAZINFORM – Бүгін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан Varro Operating Group ЖШС-нің «Толқын» кен орнындағы №57 ұңғымасында авариялық жағдай орын алды.

ұңғымадағы авария
Фото: Видеодан алынған скрин

Өңірдегі ТЖД таратқан дерекке қарағанда, ұңғымадан газ-су қоспасының өртсіз шығуы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта ұңғыманың трубалық кеңістігінен газ-су қоспасының шығуы жалғасып жатыр.

Апат салдарын жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 техникасы, 32 қызметкері және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Сонымен қатар:

  • «Ақберен» ЖШС,

  • «Оңтүстік мұнай сервис» ЖШС,

  • «Nobilis Corp» ЖШС,

  • «Varro Operating Group» ЖШС-нің күштері мен құралдары тартылды.

Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, барлық қажетті шаралар қабылдануда. Ахуалдың даму барысы туралы қосымша ақпарат беріледі.

Айта кетейік, Маңғыстауда теңіз жағалауынан 279 итбалықтың өлексесі табылды.

Соңғы жаңалықтар