Маңғыстауда прокуратураның ықпалымен дәрігерлерге тиесілі 273 млн теңге жалақы төленді

АСТАНА. KAZINFORM - Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында медицина мамандарының жалақысы іске прокуратура араласқаннан кейін ғана берілді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

ШҚО-да 37 қызметкерге жалақы төлемеген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды
Фото: freepik.com

Баспасөз қызметінің мәліметтеріе қарағанда, тексеру барысында Мұнайлы ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың 1040 қызметкерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Оларға биылғы жылдың қазан айындағы жалақысы белгіленген мерзімде төленбеген.

-Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде 273 млн теңгеден астам мөлшерде аурухана қызметкерлерінің жалақысы төленді, бұл олардың конституциялық құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді,-делінген хабарламада. 

Осыған дейін Қазақстанда 10 мыңнан аса жұмыскерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбей қалғаны туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар