23:52, 04 Ақпан 2026 | GMT +5
Маңғыстау облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 5 ақпан сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-85 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 5 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін екі облыстағы жолдарда ауа райына байланысты шектеу енгізілгенін жазған едік.
9 ақпаннан Астана – Павлодар автобанында жылдамдық режимі төмендетіледі.