Маңғыстау облысының шекарасына өзгеріс енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Үкіметтің 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді. 

түрксой
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

«Маңғыстау облысының шекарасы Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен аумақтық сулардың сыртқы шегін өлшеуге арналған негіздік сызықтар арасындағы жерлерді ( 1 638 837,5075 га) Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен өзгертілсін», - делінген құжатта.

Ендігі жерде Маңғыстау облысының шекарасы төмендегідей сипат алады:

- Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;

- Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;

- Оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;

- Оңтүстік-шығыс шекара қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;

- Батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.

Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап бастапқы сызыққа дейінгі аумақ төмендегідей:

- Ақтау қаласы бойынша 87171,2282 гектар;

- Бейнеу ауданы бойынша 81805,1200 гектар;

- Қарақия ауданы бойынша 513287,6044 гектар;

- Маңғыстау ауданы бойынша 150105,7313 гектар;

- Мұнайлы ауданы бойынша 49808,5611 гектар;

- Түпқараған ауданы бойынша 756659,2625 гектар.

Қаулы 2024 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енеді.

Соңғы жаңалықтар