Маңғыстау прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс болды
АҚТАУ. KAZINFORM — Бас Прокурордың бұйрығымен Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Жандарбек Спан тағайындалды.
Жандарбек Спан — 1981 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2002 жылы Орталық-азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. 2024 жылдан қазіргі таңға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Бас Прокурордың бұйрығымен Самет Сәкен Ілиясұлы — Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Сәкен Ілиясұлы — 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы органдарында бастаған. 2012-2025 жылдар аралығында Бас прокуратурада бөлім аға прокуроры қызметінен бастап, Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарды.
Бас Прокурордың бұйрығымен Жаңаөзен қаласының прокуроры болып Аманиязов Нұрлан Мұратұлы тағайындалды.

Нұрлан Мұратұлы — 1984 жылы Атырау қаласында дүниеге келген және 2004 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Бас Прокурордың бұйрығымен Көшбаев Мақсат Сисенұлы Маңғыстау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына тағайындалды.

Мақсат Сисенұлы 1984 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Таушық ауылында дүниеге келген. 2006 жылы М.С. Нәрікбаева атындағы Астана мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарында жұмыс тәжірибесі — 18 жыл. 2019-2023 жылдары — Жаңаөзен қаласы прокурор орынбасары, 2023-2025 жылдары — Жаңаөзен қаласының прокуроры қызметін атқарды.
Бұған дейін, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалған болатын.