Маңғыстауда 15 жасар баланы талаған иттің иесі табылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне 102 нөмірі арқылы Ақшұқыр елді мекенінің 13 шақырымында 15 жастағы баланы ит талағаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқушыны ит талап тастады
Фото: Видеодан скриншот

Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқиға болған жерге барып, мән-жайды анықтап, баланың ата-анасына хабар берген.

— Иттің иесі табылып, оған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 407-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды. Соған сәйкес, 10 АЕК көлемінде яғни, 39,320 теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін 15 жасар оқушыны ит талап, ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, елордада 19 жастағы жігіт атылып қалғанын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар