Маңғыстауда 50-ге жуық көшенің атауы өзгерді

ономастика
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникациялар орталығы

Маңғыстаудағы Ақтау қаласына қарасты Приморский және Рауан тұрғын үй массивтерінің елуге жуық көшесінің атауы өзгерді. Оның бірқатарына қазақша атау берілді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұған дейін Ақтау қаласына қарасты Приморский тұрғын үй массиві — Ақжелкен, ал Приозерный тұрғын үй массиві — Оймаша деген қазақша атау алғанын жазған едік. 

Енді осы тұрғын үй массивтерінің көшелері де өзгерді. 

Атап айтсақ, Приморский тұрғын үй массивінің Жемчужина көшесі — Ақмаржан, Весенняя көшесі — Көктем, Урожайная көшесі — Құлагер болып өзгертілді.

Рауан тұрғын үй массивіндегі атауы жоқ көшелерге Аққорған, Жолбаян, Ақмая, Шыңырау, Ақеспе сынды атау берілген.

ономастика
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникациялар орталығы

— Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңның 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2023 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде және ауыл халқының пікірін ескере отырып, тұрғын үй массивінің және көшелердің атауын өзгерту жөнінде шешім қабылданды. Рауан тұрғын үй массивінде — 32 көше, ал Приморский массивінде — 16 көшенің атауы өзгерді, — деді Өмірзақ ауылының әкімі Бисенғали Кенжалиев.

Соңғы жаңалықтар