Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облыстық полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметшіні ұстаған.

Маңғыстау облыстық полиция
Фото:Аягөз Ізбасарова/ Kazinform

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер өлтірген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр.

Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.

"Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Сондай-ақ, қамауға алынған екі күдіктінің біреуі бұрынғы әскери қызметші.

Соңғы жаңалықтар