Арқарлардың төлдеуі кезінде Маңғыстаудағы табиғи парк аумағы ерекше қорғалады

арқар
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

АҚТАУ. KAZINFORM. Наурыз айының 20 бастап еліміздің бірнеше аймағында тау арқарларын санау науқаны басталды.

Бұл ретте Маңғытау облысында дала жануарларын санау жұмысы күзде өткізіледі. Облыстағы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов арқарларды арқарларды санау жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асатынын мәлімдеді.

«Наурыздың соңынан мамыр айының басына дейін арқарлар төлдейді. Сол уақытта парк аумағында тыныштықты сақтау үшін біздің инспекторлар күні-түні жұмысын атқарып жатыр. Бізде санақ негізінен күз айларын өтеді. Көктемгі жоспарға сай ішкі тәртіп бойынша өзіміз санақ жүргіземіз», — деді Мыңберген Қаратауов.

Бұл ретте «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлері және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен «Зоология институты» РМК өкілдерімен бірлесе отырып тау арқарына (арқарға) көктемгі әуе санағы жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Көктемгі әуе санағы жұмыстары Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарының аумақтарында сәуір айының соңына дейін өтеді», — деді еліміздің экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны көбейгені туралы айтылған еді. Ерекше қорғауға алынған арқар басының көбеюі мен бұлақтардың көзін ашуда мемлекеттік инспекторлар елеулі үлес қосып отыр.

Соңғы жаңалықтар