Маңғыстауда автоцистерна аударылып, жерге мұнай төгілді

АҚТАУ. KAZINFORM — Жол көлік оқиғасы 29 қыркүйек күні күндіз Ақтау — Жаңаөзен тас жолының 23-шақырымында болған. Мұнай өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігі аударылып, жерге мұнай төгілген. 

Маңғыстауда автоцистерна аударылып, жерге мұнай төгілді
Фото: Маңғыстау облысы экология департаменті

Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына мамандар барып, қоршаған орта жағдайын бағалау және мүмкін залалды анықтау үшін, сынамалар алған.

Маңғыстауда автоцистерна аударылып, жерге мұнай төгілді
Фото: Маңғыстау облысы экология департаменті

— 29 қыркүйек күні сағат 15:50 Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында, 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Маңғыстау облыстық Экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытты қосымша хабарланады, — делінген хабарламада.

Маңғыстауда автоцистерна аударылып, жерге мұнай төгілді
Фото: Маңғыстау облысы экология департаменті

Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, қапталға аударылған. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін, «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан: Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар