Маңғыстауда азық-түлік қоры жеткілікті

АҚТАУ. KAZINFORM – Төтенше жағдай кезінде тұрғындар өнім тапшылығын қолдан туындату немесе бағаны негізсіз көтеру деректеріне куә болса, олар аудан әкімдіктері кәсіпкерлік және сауда басқармасы өкілдерінің көмегіне жүгіне алады.

Өзбекстан президенті азық-түлік импортына нөлдік мөлшерлеме мерзімін ұзартты
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев мәлімдеді.

«Өңірде су тасқыны жағдайында азық-түлік тауарлары қоры жеткілікті. Алайда, әлеуметтік желілерде азық-түлік тапшылығы туындауы ықтимал деген дәйексіз ақпарат пайда болды. Мен халықты дүрмекке ермеуге, сабырлық танытуға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын», - деді Дастан Мұраталиев.

Егер өңір тұрғындары азық-түлік бағасының негізсіз көтерілгеніне куә болса, аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің қызметіне шағым түсіруіне болады.

Соңғы жаңалықтар