09:10, 05 Қараша 2023 | GMT +5
Маңғыстауда Бейнеу ауданының әкімі сайланады
Елімізде тұңғыш рет 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімін сайлау өтіп жатыр. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда. Әкімдері сайланғалы отырған 42 ауданның біреуі Маңғыстау облысына тиесілі, деп хабарлайды Kazinform.

Бейнеу ауданында орналасқан сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.
Алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. Ауданда барлығы 30 сайлау учаскесі бар. Оның 17-сі - аудан орталығында, қалған 13-і - ауылдық жерлерде.
Комиссия құрамына 188 адам тартылған.
Аудан бойынша 40 134 адам дауыс беру құқығына ие.
