Маңғыстауда бойжеткен мен бала теңізге батып кете жаздады

АҚТАУ. KAZINFORM — Бүгін Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде құтқарушылар 2003 жылы туған қыз бен 2015 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді.

суға
Фото: ТЖМ

Белгілі болғандай, үрлемелі баллон киіп алып жүзіп жүрген оларды ағыс жағадан алысқа алып кеткен.

Екеуіне де медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.  

Соңғы жаңалықтар