Маңғыстауда бір-бірін аяусыз ұрған қыздардың төбелесі тарады

АҚТАУ. KAZINFORM — Оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Жасөспірімдер бір-біріне ауыр сөздер айтып, арты жанжалға ұлысқан.

қыздар төбелесі
Фото: Видеодан скрин

Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сержан Түйешиевтің айтуынша, бейнежазба бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның 18 қазан күні кешкі сағат 20:00 мен 21:00 арасында болғаны анықталған.

Төбелеске 8 бен 9-сыныптарда оқитын екі қыз және колледжде 2-курста оқитын 18 жасар қыз қатысқан. Олар бір-біріне ауыр сөздер айтып, арты жанжалға ұлысқан. 

— Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жасөспірімдер мен ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабына сай әкімшілік хаттама жасақталып, айыппұл салынды. Іс сотқа жолданды. Ата-аналарға үй қамақ жазасы немесе айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, 3 қыз да полиция басқармасының есебіне қойылды, — дейді Сержан Түйешиев.

Бқған дейін, Маңғыстауда оқушы қыздар төбелесіп, ата-аналары жауапқа тартылған еді.

Соңғы жаңалықтар