Маңғыстауда бір күнде 8 адамнан қатерлі ісік анықталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстауда қатерлі ісікке шалдыққандар жылдан-жылға көбейіп барады. Мәселен, 2020-жылы 712, 2021-жылы 855, 2022-жылы 1000, 2023-жылы 1043 адам ал, биыл сегіз айдың ішінде 669 тұрғыннан онкологиялық ауру анықталған.

лаборатория, медицина, врач, аурухана, дәрігер
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Биыл тіркелген науқастардың көбінің ауруы алғашқы сатыда. Тек 81 адамның қатерлі ісігі соңғы сатыда анықталып отыр. Мамандар қатерлі ісікті ерте анықтауда дәрігерге жиі қаралудың көмегі көп екенін айтады.

Осыған орай, Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері өңір тұрғындарына арнап «Ашық есік» күнін өткізді. Таңғы сағат тоғыздан түскі бірге дейін 44 тұрғын тексерілген.

- Өз денсаулығына бейжай қарамай, тексерілуге келгендердің ішінен 8 адамнан қатерлі ісік анықталды. Тағы 3 тұрғынның денсаулығы осы дертке күдікті деп тіркелді. Ал 28 адамнан басқа ауру түрлері анықталып, оларға дәрігерлер емделу жолдарын түсіндірді, - дейді облыстық онкологиялық диспансердің баспасөз хатшысы Сағындық Рзахметов.

Ашық есік күнінде 24 адам онкоцитологиялық тексерілуге жіберіліп, 16 тұрғын УЗИ, 21 адам төмен дозалы КТ және 17 адам маммография аппаратына түсіп, тексерілген. Диспансерде ашық есік күні ай сайын өткізіледі.

Бұған дейін аймақта қоқыс полигонының өртеніп жатқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар