Маңғыстауда бұрғылау қондырғысы құлап кетті

АҚТАУ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде аймақтағы кен орындарының бірінде бұрғылау қондырғысы құлаған бейнежазба тарады. Соған байланысты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. 

Маңғыстауда бұрғылау қондығысы құлап кетті
Фото: Видеодан алынған скрин

Бұл оқиға 9 шілде күні сағат 12:47 шамасында «Теңге» кен орнында № 553 ұңғымада «Petro Мұнай-Газсервис» ЖШС мердігерлік компаниясы жерге бұрғылау мұнарасын көлденең қалыпқа салуды жүргізген кезде (бұрғылау мұнарасының екінші және жоғарғы үшінші секциялары арасында бүктеме) болған. Зардап шеккендер жоқ. Болған жәйт инцидент ретінде жіктеледі және «Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы тергеу жүргізеді, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, Маңғыстауда 10 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып, қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз

 

Соңғы жаңалықтар