Маңғыстауда ер адам өз-өзін өртемек болды

АҚТАУ. KAZINFORM – Оқиға Бейнеу ауданында болған. Ер адам Бейнеу аулындағы полиция бөлімінің бақылау - өткізу пунктінде өз-өзін өртеуге әрекет жасаған.

Маңғыстауда ер адам өз-өзін өртемек болды
Фото: видеодан алынған скрин

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары патрульдік бақылау кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда кейін көлік жүргізуші полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне өзі келіп, қызметкерлердің заңды әрекетіне наразылық білдірген.

- Бақылау пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өзін-өзі өртеуге тырысты. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл әрекетін уақытылы тоқтатты. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән - жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Маңғыстау полициясының бастығы туралы фейк ақпарат тараған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар