Маңғыстауда газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды

Қытай дәмханасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті
Фото: freepik.com

АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды.

Оқыс оқиға аудан аумағында «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақтаудағы өрт кезінде күйіп қалған өзбекстандық екі азамат жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.

Кейін ТЖД қаладағы көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт шығып, шетел азаматы күйіп қалғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар