Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстауда Каспий теңізіне май төгілген бейнежазба тарады

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында Аташ жағажайы маңындағы Каспий теңізінің акваториясынан майлы дақтар анықталды. 

Маңғыстауда Каспий теңізіне май төгілген бейнежазба тарады
Фото: видеодан алынған скрин

Экологтар аумақта мониторинг жүргізіп, теңіз суынан зертханалық сараптамаға сынама алды.

Майлы дақтардың анықталғаны туралы ақпарат 8 тамызда түскен. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық Экология департаментінің мамандары Аташ жағалауы мен оған іргелес Каспий теңізінің акваториясын тексерген. 

— Мониторинг барысында теңіз суынан сынамалар алынды. Олар зертханалық зерттеуге жіберілді, — деп хабарлады Экология департаментінен.

Қазіргі уақытта Аташ аумағында және оған іргелес теңіз акваториясында мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.

Ведомство мамандары теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждарына, сондай-ақ айлақ иелеріне экологиялық талаптарды қатаң сақтау және мұнай өнімдерінің теңіз суына төгілуіне жол бермеу қажеттігін ескертті. Жағдай облыстық экология департаментінің бақылауында.

Бұған дейін, Маңғыстауда құтқарушылар жағалаудан қашықтап кеткен жұпқа көмектесті.