Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды

АҚТАУ. KAZINFORM — «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының мердігер компаниясы «Кезби» ЖШС мұнай-сервистік компаниясының директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, салық төлеуден жалтарғаны үшін, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


«Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды
Фото: Norma.uz

Сонымен қатар, сот үкімімен оған 10 жыл бойы мұнай-газ саласында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.
Сот шешімі бойынша Ержан Кезбаевтан «ӨзенМұнайГаз» компаниясының пайдасына 321 миллион теңгеден астам қаражат өндіріледі. Сондай-ақ, ол Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін, Маңғыстауда «Кезби» компаниясының директорына қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар