Маңғыстауда ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері тегін қабылдау жүргізді

АҚТАУ. KAZINFORM – Аймаққа Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының бір топ дәрігері келді. Денсаулық сақтау саласының 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, жоғары санатты дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, операциялар жасауда.

Дәрігерлер
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

- Бірінші күні тұрғындарды қабылдап, жағдайы күрделі 10 науқасты қарап-тексердім. Сондай-ақ білгенімді бөлісіп, кеңейтілген дәріс өткіздім. Оған 57 адам қатысты. Екінші күні де науқастарға кеңес беріп, күрделі клиникалық жағдайдағы 15 науқасты қабылдадым, - дейді ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров. 

Дәрігерлер
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

- Маңғыстау облыс әкімдігі мен ҚР ПІБ МО ауруханасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум бар. Аймақ тұрғындарының сұрауын ескере отырып осы меморандумның аясында, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бір топ дәрігері биыл да бір апталық тәжірибе алмасу және медицинадағы үздік заманауи әдістерімен бөлісу үшін арнайы келді. Өңір тұрғындары білікті медицина мамандарынан тегін кеңес пен ем ала алады,- деді Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталь орталығының пульмонолог дәрігері Бибінұр Рахметова 

Дәрігерлер
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Бүгін «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының» бас онколог дәрігері Назар Сейдалин облыстық онкологиялық диспансерде күрделі операция жасады. Көктамырға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін порт жүйелерін имплантациялау бойынша операция сәтті шыққан. Бұл ота жергілікті онкохирургтар үшін тәжрибе алмасу және шеберлік сабағы ретінде де пайдалы болдыі. 

Соңғы жаңалықтар