Маңғыстауда құрылыс басқармасының басшысы сотталды

АСТАНА. KAZINFORM - Ақтау қалалық сотында «Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы мен «А» ЖШС-нің өкіліне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Фото: gov.kz

Сотталушы «М» «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы бола тұра, «А» ЖШС-нің «Н» мердігер компаниясымен Форт-Шевченко қаласында 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнертапқыштық өнер мектебінің құрылысына инженерлік қызмет көрсету және техникалық қадағалауды жүзеге асыру туралы келісімшартты жасауға ықпал еткені үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің актілеріне қол қою үшін және жалпы болашақтағы қамқорлығы үшін «А» ЖШС-нің өкілі А-дан 5 миллион теңге пара алған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындысымен және өзге де іс материалдармен дәлелденді.

Сондықтан сот үкімімен басқарма басшысы ҚК 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айрылып, 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Ал, серіктестік өкілі ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігімен ол да мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айрылды.

Соңғы жаңалықтар