Маңғыстауда күшті әсері бар препараттарды рұқсатсыз сатқан дәріханашылар ұсталды

АҚТАУ. KAZINFORM – 16 шілде күні Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері рецептсіз, заңсыз түрде күшті әсер ететін дәрілерді сатып жатқан дәріхананы анықтаған.

Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жедел-іздестіру шаралары барысында дәріханашылар мен тыйым салынған препараттарды сатып алған 3 тұрғын ұсталды.

Дәріхана ішінен 150 дана АЛИС (Прегабалин) және 48 құты Тропикамид препараты табылып, тәркіленген. Бұл дәрілік заттар нашақорлар жиі қолданатын препараттарға жатады.

Дәріхана қызметкерлері бұл дәрілердің рецептсіз, нашақорларға сату үшін дайындалғанын айтқан.

Ал, дәріхананың фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар екені анықталды.

- Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазірге уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, дәріхананың бүкіл қызметіне тексеріс тағайындалды. Материалдар жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жолданды, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін, Астанада есірткі жарнамасын таратқан әйел сотталған еді.

Соңғы жаңалықтар