Маңғыстауда мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған 5 шетел азаматы ұсталды

шетелдік ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстауда мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған 5 шетел азаматы ұсталды. Бұлдан бөлек ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жыл басынан бері теңізден 300 шақырым ау шығарып, 2 мыңнан астам бекірені құтқарған.

Маңғыстау облысы
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгінде ҰҚК шекара қызметінде 50-ден астам карабль мен катер бар. Мемлекеттік шекараның күзетінде елдің нағыз патриот азаматтары тұр. Бұған өңір журналистері көз жеткізді. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры аясында, журналистер ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жағалау күзеті екінші бөлімшесінің шекаралық кемелері мен катерлерін аралады. Теңіз шекарашылары «Семсер» кемесіне экскурсия жасап, мемлекеттік шекараны қорғауда қолданылатын қару-жарақ пен арнайы техниканы таныстырды. Сонымен қатар, Каспий теңізінде шекара бұзушыларды ұстау бойынша оқу-жаттығу эпизоды көрсетілді.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің баспасөз турын ұйымдастырды. Оның аясында журналистер ҰҚК «А» арнайы жасақ қызметінің оқу-жаттығу полигонында болып, шекара ведомстволарының жұмысымен танысты. Бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Шекара қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Шекра қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Шекара қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
теңіз флоты
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар