Маңғыстауда неше аққу қырылғаны белгілі болды

АҚТАУ. KAZINFORM — 10 ақпан күні Саин Шапағатов ауылының жағалауында жүргізілген тексеру барысында инспекция қызметкерлері 9 аққудың өлексесін анықтаған. 

аққу
Фото: Азамат Сәрсенбаев

Аудандық ветеринария мамандары қырылған құстардан, ал экология департаменті қызметкерлері теңіз суынан сынама алды.

Аққулардың өлекселері жиналып, аудандық ветеринариялық қызметтің күшімен арнайы белгіленген жерде өртелген. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады. 

- Өңірде аққулардың жаппай қырылу деректері тіркелген жоқ. Саин Шапағатов ауылының жағалауынан 9 өлі аққу табылды.

Сондай-ақ, 8-9 ақпан күндері 14-ші және 4А шағын аудандарының жағалау аумақтарында, Ақжелкен (Приморский) тұрғын алабында 11 өлі аққу табылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Ақтауда жағалаудан өлген аққулар табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар