Маңғыстауда «Oil Services Company» компаниясы бас директорының орынбасары 7 жылға сотталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысының прокуратурасы былтыр мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға тексеру жүргізу барысында, «Oil Services Company» ЖШС-нің қызметінде жабдықтарды қабылдау кезінде заңбұзушылықтарды анықтаған. Соның негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілген.

Жетімдерге тезек пен құрт-құмырсқа жегізген: Қарағандыда 6 бала асырап алған отбасына қатысты сот жүріп жатыр
Фото: Kazinform

Тергеп-тексеру шеңберінде кәсіпорын мен мердігер ұйымның басшылық құрамындағы үш тұлға ұсталған.

- Сот үкімімен аталған адамдардың барлығы кінәлі деп танылып, әртүрлі жазаға тартылды. Атап айтқанда, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кәсіпорын бас директорының орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, кәсіпорынның бөлім басшысы мен мердігер компанияның директоры 2 жыл 4 ай мерзімге сотталды, - делінген хабарламада.

Сотталғандар 23 млн теңге көлеміндегі залалды өтеген. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум