Маңғыстауда оқушылардың жаппай астан улануына қатысты тергеу аяқталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Қылмыстық іс Мұнайлы аудандық сотына жолданған.

уланған
Коллаж: Kazinform/ DALL-E

Мектеп асханасының меңгерушісі Дәметкен Шәкенова ҚР Қылмыстық Кодекстің 304-бабы «адамдардың жаппай ауруға немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша айыпталып отыр. Жеке кәсіпкер сот барысында ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілген.

Еске салайық, былтыр 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы нөмірі 8-мектепте оқушылар астан уланып, 460 бала ауруханаға түсті.

Тексеру нәтижесінде мектеп асханасынан ішек бактериялары анықталды. 12 қызметкерден стафилококк табылды. Ал ыдыс жуушы дизентерияны тасымалдаушы болып шықты. Сондай-ақ жеке кәсіпкердің 10 жылдан бері аталған мектепті ыстық тағаммен қамтамасыз еткені белгілі болды. Енді кәсіпкерге айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кететін жайт, осы оқиғадан кейін, еліміздегі мектеп асханаларының бәрі тексерілді.

Бұған дейін, Маңғыстауда оқушылардың жаппай астан уланғаны, астан уланған екі оқушының жансақтау бөлімінде жатқаны, 

Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаудағы тамақтан уланған оқушылардың жағдайымен танысқаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар