Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі әскерилендірілген ауданаралық сотында Маңғыстаудағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбазды тапаншамен атып өлтірген офицерге үкім оқылды.

военные солдаты әскери сарбаздар призыв әскерге шақыру
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

- Дамир Досов ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді судья Тамара Королевская.

Сот үкімі күшінде қалса, айыпталушы қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Сондай-ақ, Дамир Досов әскери шенінен де айырылды.

Көз жұмған сарбаздың анасы Әсия Барқұлованың 50 млн теңге моральдік шығын туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот кінәлі тарапты оған 20 млн теңге төлеуге міндеттеді.

Айта кету керек, жыл басында Жетісу облысындағы Сарыөзек горнизонында да сарбаз өлімі тіркелді.

 

Соңғы жаңалықтар