Маңғыстауда сайлау комиссиясының жаңа құрамына 7 партияның өкілдері кірді

Ақтауда VIII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс VIII сессиясы өтті. Сессия барысында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сайланды, деп хабарлайды Kazinform Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

маңғыстау
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Облыстық сайлау комиссиясының құрамына жеті саяси партияның өкілдері кірді.

Сайлау комиссиясының мүшелері:

— Елубай Әбілов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
— «AMANAT» партиясынан Жармағанбет Айтуаров;
— Кәмшат Ізбасарова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан;
— Гүлжан Исмурзина, Қазақстан халық партиясынан;
— Ізбасар Орынбеков, Respublica партиясынан;
— Сәбит Сейдалиев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан;
— Наурыз Ахаев, «Байтақ» партиясынан.

Бүкіл кандидаттар сайлау туралы заңда көзделген арнайы рәсімдерден сәтті өтті.

Сауалдар құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне, сондай-ақ облыстың полиция департаментіне жолданып, оң қорытынды алынды.

Мәслихат депутаттары сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды бірауыздан қолдап, бекітті.

— Бүгінгі сессияның құрметті қатысушылары, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды шараларды қабылдау шеңберінде азаматтар сайлаған өкіл депутаттар баға жетпес рөл атқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған азаматтық қоғамды нығайтуға және халықты шешімдер қабылдауға белсенді қосуға бағытталған бастамалар қазіргі уақытта табысты іске асып жатыр, — деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар