Маңғыстауда сейсмикалық жағдайға қатысты жаттығу шарасы өтеді

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстауда жоспарлы жалпыоблыстық сейсмикалық жаттығуы өтетін болды. Төтенше жағдайға дайындықты пысықтау мақсатында ұйымдастырылатын кешенді іс-шара 23 ақпан күні таңертең басталады.

тжд
Фото: Kazinform/Алтынай Сағындықова

Өңірдің ТЖД тарапы сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын арнайы дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындап алуды қаперге салып отыр. Тұрғындарға қауіпсіз аумақ ретінде ғимараттар және құрылыс, электр желілері мен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң екені алдын ала айтылды.

«Сейсмикалық жаттығу барысында «Баршаның назарына» ескерту сигналын естігенде сабыр сақтап, дауыс зорайтқыштардың сөйлеу нұсқасын орындау талап етіледі. Оқыс оқиға кезінде төтенше жағдайларға дайын болу - адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан сейсмикалық оқу жаттығуға тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің өкілдері.

Осыдан екі апта уақыт бұрын Ақтауда «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткен болатын. Оған

250 жеке құрам және 78 техника жұмылдырылған еді. Көктем мезгілінде көрсетілетін қызметтерге дайын құрылымдар қатарында су, сауда және тамақтандыру, радиациялық және химиялық қорғау, хабардар ету және байланыс, энергетика, жанар-жағармай, ақпарат, қоғамдық тәртіпті қорғау және өрт сөндіру қызметі дайындығын пысықтаған.

Соңғы жаңалықтар