Маңғыстауда су тұшытатын қондырғы іске қосылды

су тұшыту
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM — Тәулігіне 4 500 текше метр су тұшытатын қондырғы Ақтау қаласының іргесіндегі Сайын Шапағатов ауылында пайдалануға берілді. 

презентация
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Су тұшыту зауыты жерасты суларын пайдаланып, ауыл халқына санитарлық талапқа сай ауыз су беріп отыр. 

Алдағы уақытта өндіріс қуатын тәулігіне 6 500 текше метрге дейін арттыру көзделген.

су тұшыту
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Жоба құны — 1 миллиард теңге. 

— Жаңа қондырғының көмегімен зауыттың қуаты екі есе артты. Кәсіпорын тәулігіне 4 500 текше метр су тұшытады. Бұл өз кезегінде он мыңға жуық тұрғыны бар Сайын Шапағатов пен көршілес 15 мың адам тұратын Ақшұқыр ауылын ауыз сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — дейді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай. 

су тұшыту
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Айта кетейік, аймақта ауыз су тапшылығы бар.

Бұған дейін Ақтауда 3 күн бойы ауызсусыз қалған тұрғындардың жанайқайын жеткізген едік. 

 

Соңғы жаңалықтар